Британдық қылжақбас Саша Коэн жылдың ең үздік комедиялық актері болып танылды

Саша Коэн "Борат: Қазақстан халқының игілігіне американдық мәдениетті зерттеу" фильміндегі ролі үшін кино және телевидение саласының "Алтын глобус" жүлдесінің иегері атанды. "Оскардан" кейін екінші дәрежедегі сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі Лос-Анджелестегі "Беверли Хилтон" қонақ үйінде өтті.

С. Коэн Джонни Деппен ("Пираты Карибского моря:сундук мертвеца), Аарон Экхартпен ("Здесь курят"), Чивител Иджиоформен ("Чумовые боты") және Уилл Феррелмен ("Больше чем вымысел") бірге "Комедиядағы немесе мюзиклдегі ең үздік еркектің ролі" аталымы бойынша марапатталды.

Коэннің "Борат: Қазақстан халқының игілігіне американдық мәдениетті зерттеу"комедиясының кейіпкері -қазақстандық тілші Борат Сағдиев АҚШ-қа келеді, мақсаты осы ел туралы репортаж дайындау. Онда ол танымал актрисаға ғашық болып, оған үйлену үшін бар күш жігерін жұмсайды .

Ойдан құрастырылған қазақ журналисі Борат Сағдиевтың бейнесі осыдан сәл ертерек Лиссабондағы(Португалия) "MTV Europe Music Awards" сыйлығынан кейін, Қазақстанда қайшы пікір туғызған, себебі онда Қазақстан теріс қырынан көрсетілген. Әуелі Қазақстан СІМ наразылығын танытты, атап айтқанда Ұлыбританиядағы елші Ерлан Ыдырысов Коэннің сахналық кейіпкерін "адам тұрпатындағы шошқа" деп атады. Кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға сапары барысындағы журналистермен сұхбатында британдық қылжақбастың әрекетін қалжың ретінде қабылдауға шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті