Р. Макленнан Қазақстан жеріне алғаш 1990 жылы келген уақытында еліміздің ландшафт бейнесі мен таңғажайып даласы оны қызықтырмай қоймаған. «Осы елге келген кезімде зәулім қала алаңы мен тауларында самғап жүрген бүркіт туралы түрлі жобалар ойлап таптым, соның нәтижесінде Шарын шатқалындағы қырандар мен аңшылар туралы ерекше фильм түсірген едім», дейді режиссер.
Сондай-ақ ол осы жолы түсірілетін фильмінің мазмұны жайында ештене ашып айтпады, тек оның шөл дала туралы және сол жердің астында қалған тарих пен болашақ жайлы айтылатындығын жеткізді.
Аталмыш кинода археолог пен геолог сияқты екі кейіпкер болады, оның бір кейіпкерін жерлесіміз Сәуле Сүлейменова сомдамақ.