Британия армиясын 1400 адамға қысқартпақ

Таратылған ақпараттарға қарағанда, әскер қатарынан шығарылатындардың басым бөлігін өз еркімен кететіндер құрайды. Айта кетерлігі, Ауғанстанда қызмет етіп жатқан жауынгерлерге қысқарту шарасы жүрмейді.

Ұлыбритания қарулы күштерін  қайта құрылымдау бағдарламасы 2010 жылдан бері жүзеге асырылуда. Тұрақты армия саны 100 мыңнан 80 мыңға дейін қысқаратындығы жоспарланған.