Британия құл саудасына қатыстыларды өмір бойы абақтыға отырғызбақ

ІІМ басшысы Тереза Мэйдің сөзіне қарағанда, бұл шара мүлкін тәркілеумен бірге іске асырылса, онда қылмыскерлер қаймыға түсуі тиіс.

Заң жобасында сонымен қатар адам саудасы ісі жөніндегі уәкілдің қызметін құру қарастырылып отыр.

Үкіметтік есепте атап өтілгендей, Британия аумағында «қазіргі заманғы құлдықтың» 10 мыңнан кем емес құрбандары өмір сүріп жатыр.