Британия жүздеген сириялық босқындарды қабылдамақ

Бірінші кезекте Британияда тұру құқығы әйелдерге, қарттар мен мүгедектерге ұсынылмақ.

Бұдан бұрын БҰҰ іргелі елдерді  30 мың сириялық босқынды  қабылдауға шақырған болатын. Лондондағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі  агенттігінің  өкілі Британияның босқындардың кейбір санаттарына баспана беру тұрғысындағы шешімін үміттендіретін белгі деп мәлімдеді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, осының алдында  британдық үкімет Сирияға 1 миллиард доллар көлемінде гуманитарлық көмек жасағанын ескере отырып, бұл елдің босқындарын қабылдауды жалғастырудан бас тартқан болатын.


Айта кетейік, бүгінде Таяу Шығыс елдері өздерінің аумағында  2 миллионға жуық сириялықты орналастырды.