Британияда консервіленген жәндіктер сатыла бастады


25 фунт стерлингке қаймақ қосылған шегірткеден бастап түрлі жәндіктердің бір құтысын сатып алуға болады. Жаңа тағам британдық телеарнада таныстырылған. Бағдарламаның қатысушылары оның дәмін татып, миллиондаған көрерменнің алдында «жаңа тағамға» өз бағаларын берді. Сарапшылардың пікірінше, бірер жылдан соң жәндіктер еуропалықтар үшін қалыпты тағамға айналады-мыс.