Британиядағы авиашоуда ұшақ апатқа ұшырады

Келеңсіз оқиға Оултон-парктегі автодромда CarFest фестивалі кезінде кеше, жергілікті уақытпен 14:00-де орын алды.

Көргендердің айтуынша, ұшақ әуеде тиісті ұшу мәнерін орындау барысында төмен құлдилаған бойы ағаштардың арасында көрінбей кеткен. Артынша ауаға қою қара түтін көтерілген.

CarFest фестиваліне автомобильшілер мен ұшқыштар, сондай ақ музыканттар қатысуда. Ол бүгін, жексенбіде аяқталуы тиіс.