Елена Рыбакина Париждегі олимпиадаға қатысудан бас тартқан еді. Ол өзінің ауырып қалғанын сылтау етіп, халықтың алдында кешірім сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ресейде туып, Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жүрген теннисші Елена Рыбакинаның күтпеген жерден Париж олимпиадасына қатысудан бас тартқаны жанкүйерлердің ғана емес, қоғамның ызасын тудырды. Теннисшінің өзі олимпиадаға денсаулығына байланысты қатыспайтынын айтты.
Елена Рыбакинаның (Әлемнің үшінші ракеткасы) олимпиададан шығатынын Халықаралық теннис федерациясы 25 шілде түстен кейін ресми мәлімдеді.
25 шілде Париж уақытымен таңертең жеребе тартылып, Рыбакина алғашқы айналымда румыниялық Кристиан Жаклинмен ойнауы керек еді. Бұдан бөлек, ол тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бубликпен микст жарысында да медальға таласуы тиіс еді.
Спортшының бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әділ Ибраев өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды:
"Рыбакина Қазақстанның атынан қатысып ұтықан ба? Ұлттық құрамада өнер көрсету уақыты келген кезде, үнемі бас тартады. Әйтеуір бір күні Қазақстан үшін сынға түсу керек. Түсінемін, Қазақстанда тумады, қазақ емес, дегенмен біз үшін, жанкүйерлер үшін әдемі абыройлы ойын көрсетуге болатын еді, тіпті медаль алмаса да... Осы күнге дейін ұтылған сәттерде, халық сенің атың мен абыройыңды қорғап келді. Иә, Азиадаға да қатысқан жоқсың. Ол кезде де өзгелердің ызғарынан қорғадым. Біз сені ақтадық. Олимпиадада жеңеді деп сендік. Бәрі бекер. Маскаң шешілді. Рыбакина үшін елдің намысын қорғау емес, ақша маңызды болып шықты.
Ұлттық құрама үшін сынға түсу керек кезде, түрлі сылтаулары дайын тұрады.
Оның бронихиті емес, Қазақстанның туына аллергиясы бар сияқты. Ол Қазақстан үшін еш жерге қатыспайды. Билли Джин кубогы, онда құрамалар ойнайды, ол тізімде жоқ. Дэвис Кубогында да жоқ. Бұл Қазақстан құрамасына немқұрайлы қарау.
Рыбакина халықтың көңілін қалдырды. Бұндай екіжүзді спортшы біздің елге керек емес дейді олар. Тіпті Қазақстан азаматы болуға лайықты емес екенін де жазған.
Мәскеуде туған теннисші 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған еді. Оны Қазақстан құрамасына миллионер Болат Өтемұратов шақырған. Елде шетелден келетін спортшыларға қарсылық күшейген тұста Рыбакинаға жиі сын айтылатын. Ол 2022 жылы Grand Slam жарыстары қатарына енетін Wimbledon (Уимблдон) турнирін жеңгенде де екі азаматтығы жоғын айтып, Қазақстан паспортын көрсетуге мәжбүр болған.