Бруцеллез мал дәрігерлерінің бақылауында - Ақмола облысы

Оның айтуынша, бруцеллез негізінен Ерейментау ауданындағы Еркіншілік селолық округінде өршіп тұрған көрінеді. Сол себепті, аталған елді мекен мамандардың бақылауына алынып, шектеу қойылды.

"Бруцеллез ауруына шалдыққан қойлардың көбі Еркіншілік селолық округінде тіркелген. Қазірдің өзінде мұнда 3 мың 238 бас ірі қара мен 7100 бас қой бар. Мамырдың 19-нан бастап округ бойынша шектеу қойылып, ауру табылған 99 қойдың көзі жойылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары ауру малдың иелеріне республикалық бюджет есебінен мал басына орташа 20-30 мың теңгенің көлемінде өтемақы төлеуде. Әзірге, ветеринарлық сала мамандары аурудың ошағы орналасқан ауданды жіті тексеріп, бруцеллез жұқтырған өзге ұсақ малдарды анықтауда. Осы мақсатта, аудан бойынша аталған ауруға қарсы республикалық эпидемиологиялық отряд жұмыс істеуде", дейді М.Әбдірахманов.