Жүлде қоры 618 мың АҚШ долларын құрайтын Халықаралық теннис қауымдастығының (WTA) әйелдер арасындағы «Премьер» дәрежесіндегі бұл байрақты бәсекесінде негізгі кестесінде жекелей сында 32, жұптық сайыста 16 жұп өнер көрсетті. Галина мен Андреа ақтық сында поляк Клаудиа Янс пен Алисия Росольскаяны 3:6, 6:0, 10:5 есебімен ұтты. Олар жарыс қорытындысында өз қалталарын 32 мың долларға толтырып, WTA рейтингіндегі өз ұпайларын 470-ке ұлғайтты. Бұл қазақстандық теннисшінің жұптасып өнер көрсетуде биылғы жылы қол жеткізген 3-ші ірі жеңісі болып отыр. Галина бұл жарыста сондай-ақ, жекелей сайыста негізгі сынның екінші айналымына дейін жетіп 8500 доллар мен WTA рейтінгінде 60 ұпайға ие болды.