Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді

СІМ ақпаратына сәйкес, жиын кеңестің тең төрағасы - ҚР Индустрия және сауда министрі В.Школьниктің жетекшілігімен өтіп, әртүрлі салалардағы қазақстан-еуропалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналмақ. Еуропалық делегацияны кеңестің тең төрағасы - ЕК сыртқы байланыс және Еуропалық тату көршілестік саясатының комиссары Б.Ферреро-Вальднер басқарады.

Форум аясында 2007-2013 жылдары Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы жаңа серіктестік Стратегиясын әрі қарай жүзеге асыру мәселелерін талқылау, демократиялық реформалар, заң және адам құқықтары үстемдігі және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен қоса, ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етуіне байланысты саяси диалогты кеңейтуді талқылау жоспарлануда.