Брюссельде қарашаның соңында "Қазақстан - Еуроодақ" конференциясын өткізу жоспарланып отыр

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш конференцияның алдында "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының төрағасының орынбасары Сергей Громов кеше Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы өкілетті елшісі Кристиан Меершманмен "таныстық" кездесуін өткізді

"Кристиан Меершман Қазақстанның жетекші саяси күшінің қызметімен, депутаттық корпустың жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ, "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының сайлау алды платформасының негізгі бағыттарын іске асыру жолдарымен танысуға ниет білдірді", - деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті