Брюссельдегі арнайы операция кезінде 6 адам ұсталды

Қаланың қос коммунасында өткізілген арнайы операция кезінде 6 адам ұсталды. Бұл туралы RTBF хабарлайды. Күштік құрылымдар операция кезінде арнайы жасақты шығарып, тікұшақты пайдаланды. Тұтқындалған адамдар Брюссельді дүр сілкіндірген терактілер желісіне қатысты болуы мүмкін.  Естеріңізге сала кетсек, 22 наурызда Брюссель әуежайы мен метрода болған жарылыстардан 30-дан аса адам қаза тауып, жараланғандар саны 300-ден асты.