Брюссельдегі «Бірлік маршына» 15 мыңнан астам адам қатысты (ФОТО)


Бельгия астанасындағы шеруге 15 мыңнан астам адам қатысты. Олар «Мен- Шарли» (Je Suis Charlie) деген сөз жазылған плакаттарды көтеріп  шықты.

Шеруге қатысқан халық негізінен үнсіз жүріп отырды. Тек оқтын-оқтында «Марсельеза» әні шырқалды.

«Бұл акция - француз журналистеріне деген құрметтің белгісі. Біз ешқашан баспасөз бостандығынан және әркімнің өз көзқарасын  білдіруінен  бас тартпаймыз»,- деді шеруге қатысушы «Бостандық » (Libirtes)  плакатын көтерген Даниэль есімді азамат.

Брюссельдегі бұл акция Париждегі шерумен бір уақытта басталды. Лаңкестік әрекеттерден қаза тапқандарды еске алуға арналған мұндай шаралар Еуропаның көптеген ірі қалаларында өтті.