Брюссельдегі Еурокомиссия ғимаратында қазіргі заман өнерінің қазақстандық көрмесі ашылды

ҚР Суретшілер академиясының академигі, «Хас Санат» өнер галереясының директоры Жанна Еңсебаева атап өткендей, бұл көрменің мақсаты - Қазақстанды өнері, суреті мен мәдениеті арқылы еуропалықтарға таныстыру. «Көрмеге қойылып отырған суреттер біздің еліміз туралы, оның тарихы, қазақ даласының дархандығы, қазақ әйелдерінің сұлулығымен, біздің мақтан тұтып, қадірлейтін қасиеттеріміз жайлы сыр шертеді. Меніңше, бұл суреттерді түсіну еуропалықтар үшін қиынға соқпайды, өйткені өнер тілі аударманы қажет етпейді», - деп атап өтті ол.

Бельгиядағы Қазақстан елшілігі мен Еуропалық комиссияның көмегімен ашылып отырған көрме қыркүйектің 23-іне дейін жалғасады.