Б.Сағынтаев Грузия Премьер-министрімен кездесті


Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды. Тараптар Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық қатынасын, өнеркәсіп саласы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті, екі елдің транзиттік әлеуетін қолдану, оның ішінде Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын дамытуды және өзара инвестицияны қорғау мәселелерін талқылады. ҚР бірінші вице-премьері сондай-ақ, Грузиядағы Бүкіләлемдік банкінің Doing Business рейтінгі аясында өткізілетін реформалармен танысты. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилимен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық әріптестікті жандандыру мәселелері қаралды. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев сонымен бірге Батуми теңіз портының және «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі мұнай терминалы жұмысымен танысты.