Б.Сағынтаев: Ресей мен Қазақстан Байқоңыр нысандарын жалға беруге дайын

«Біз Ресей тарапымен бірлесе отырып, құр қол қарап отырғымыз келмейді. Нысандары пайдалануға беріп, табыс тапқымыз келеді», - деді ол журналистерге Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша Ресей-Қазақстан комиссияаралық отырысынан кейін.

Оның айтуынша, ғарыштық игеруді мақсат тұтқан және  ғарыш айлағын салуға қаражат жұмсағысы келмейтін мемлекеттерді Байқоңырға тарту керек.

«Бізге президенттер жаңа тұжырымдама жасауды тапсырды. Ондағы бір пункт - ғарышты игергісі келетін мемлекеттерді Байқоңырға тарту қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.