Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында халық қалаулылары ШҚО құрметті азаматтарын таңдады. Бұл тізімге барлығы бес адам қосылды.
Бұрынғы өңір басшысынан бөлек, мұндай мәртебе «Благовест» халықаралық қайырымдылық ұйымының негізін қалаған Зинаида Драгункинаға, ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Валерий Досқаловқа, Семей мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашевқа және жазушы, журналист Сәдібек Түгелге берілді.