«БТА Банк» несиелеу шарттарын өзгертуді қолға алды


«Ипотекалық және тұтынушылық несиелерді «БТА Банк» АҚ-ның жалақы жобасының қатысушылары болып табылмайтын жеке тұлғаларға беруді уақытша тоқтату шарасы - теңге девальвациясына орай жеке тұлғаларды несиелеу шарттарын өзгертуге байланысты жасалған қысқа мерзімді қадам. Белгілі шешім қабылданғаннан кейін,  яғни шамамен 2014 жылы 28 ақпанда «БТА Банк» АҚ төлем жасауға қауқарлы жеке тұлғаларға несие бере бастайды», - делінген хабарламада.