Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесін "БТА ипотека"АҚ "ТұранӘлемБанкі"АҚ тарапынан кепілдіксіз, дербес несие түрінде алған. Бұл - Еуропалық қайта құру және даму банкінің БТА ипотекаға беріп отырған екінші несиесі болмақ. 5 млн. доллардың алғашқы несиесі туралы келісімге 2003-жылы қол қойылған.
Еліміздегі ипотекалық несиелендіру рыногы құрылғанына 4 жыл ғана толса да, жылына 3 есе қарқынмен өсіп келеді. Әрбір он қарыздың тоғызы жеке тұлғаларға берілуде. Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың болжамына сәйкес, ипотекалық рыноктың көлемі 2008-жылы 1,5 млрд. долларға дейін өспек, дейді "БТА ипотека"АҚ -ның президенті Мұрат Юлдашев.
БТА ипотека 2000-жылы құрылған. Қазіргі жағдаймен компания еліміздегі ипотекалық несие беру рыногындағы жетекші компанияның санатына енді. Оның ипотекалық несие рыногындағы үлесі 20-25 процентті құрайды. БТА ипотеканың басымдық берілген стратегиялық мақсаттарының бірі - республика көлеміндегі географиялық аясын кеңейту болып табылады. Қазір еліміз бойынша компанияның 14 аймақтық өкілдігі жұмыс істейді. 2005-жылы тағы 5 филиал ашу көзделген. Сондай-ақ, халықтың ауқымды бөлігіне арналған ипотекалық жаңа өнімдер түрін шығару да басты мақсаттардың бірі.