Бұдан былай барлық қазақстандық ревакцинацияға Pfizer салдыра алады

ВАК Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша бірқатар шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК шешімімен Pfizer препаратымен вакциналауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

- бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;

- түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;


- шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;

- COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.