Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Шынында да, коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Ендігі уақытта КВИ-дан қайтыс болғандарды басқа жағдайда жан тапсырғандармен бір зиратта жерлеуге болады. Алайда санитарлық-дезинфекциялық талаптар қатаң сақталуы керек. Сонымен бірге жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың саны шектеулі болуы тиіс», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі өзгергенін мәлім еткен еді.
«Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», - деді Алексей Цой.