Бұдан былай Үндістанның визасын онлайн режимінде алуға болады


The Times of India басылымының хабарлауынша, бұл қызметті бейсенбіден бастап әлемнің 40 елінің азаматтары пайдалана алады.
Ол үшін indianvisaonline.gov.in сайтындағы сауалнаманы толтырасыз, суретіңіз бен төлқұжатыңыздың бірінші бетінің көшірмесін жүктеп, банк карточкасының көмегімен визалық алымды төлесеңіз жетіп жатыр.