Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігі хабарлады.
«Биылғы жылы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебі тәрбиеленушілерді жаңа тәртіп бойынша қабылдайды. Бұдан былай әскери мектепке жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбын бітірген жас бозбалалар қабылданады. Бұрын қабылдау 7-сыныптан бастап жүргізілетін», - делінген хабарламада.