Бүгін Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтеді

Бұл шараны Астана қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған. Өнер иесінің кешіне Астана мемлекеттік филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрі қатысады. Бұл оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.

Осы кеште халқымызға әсем де әсерлі күй сыйлап келе жатқан сазгердің көптеген шығармалары орындалады деп жоспарланып отыр.

Шығармашылық кеш сағат 19-00-де басталады.