Бүгін Афины олимпиадасында қазақстандықтар бес түрлі сайыста бақ сынайды

Бокс сайысы бойынша еліміз үміт күтіп отырған 2003-жылғы біріншіліктің 57 килограмдық салмақтан әлем чемпионы, Ақтөбелік Галиб Джафаров рингіге шығады. Финалдың 1/32 сайысында ол 21 жасар Угандалық Брайан Маянджамен қолғап түйістіреді.

Дзю-до бойынша 73 килограмдық салмақ категориясында Азия-2004 чемпионатының күміс жүлдегері Сағадат Садықов ел намысын қорғайды.
Садақ атудан финалдық 1/32 сайысында 1989-жылғы әлем чемпионы Станислав Забродский Нидерландылық сұрмерген Питер Кастерспен күш сынасады.
Жүзу спорты бойынша қазақстандық екі қыз, атап айтсақ, 200 метрге еркін жүзістен Юлия Расик пен 200 метрге кешенді жүзуден Марина Муляева бақ сынайды.
Бүгін сондай-ақ, су полосы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы додаға қатысып, олимпиада қожайындары- Грекия құрамасымен жекпе-жекке шығады.
Жалпы алғанда 16-тамызда Афины олимпиадасында 14 жүлде кешені үшін жарыстар өтеді.