Бүгін академик Өмірзақ Айтбаев 80 жасқа толды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған. 

1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 

1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 

1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 

1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 

1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.


1989 жылдан - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан - бірінші президенті, 2004 жылдан - президенті.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.