Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бәсекеге түседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Талғат Сырымбетов таиландтық Сакда Руамтхама (15-жұп, А рингі), Айбек Оралбай болгариялық Радослав Панталеевпен (17-жұп, Б рингі) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бақ сынайды.