Бүгін Алматыда «Америка» спектаклі қойылады

Бұл туралы жоба жетекшісі, режиссер және актриса Юлия Жигулева хабарлады.

Спектакль екі бөлімнен тұрады. Біріншісі сахналық қойылым болса, екіншісінде эммиграция туралы деректі фильм көрсетіледі. Спектакльде алматылық көрермендер әйгілі «Фольксбюне» Берлин театрының режиссері Андреас Мерц пен алматылық Ерке Абдулманова, Нелли Нэф, Жан Байжанбаев, Әлішер Махпиров, Никита Казанцев, Наташа Дубс пен Давид Гартунгтің бірлескен шығармашылық туындысын тамашалай алады. Спектакльдің ерекшелігі, Кафка туындысындағы эммиграция мен Қазақстандағы эммиграцияны салыстырып көрсетеді.

Деректі фильм бөліміне Қазақстанға қайта оралған жандардың өмірі арқау болған.

Жоба Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Қолдаушылар - Гёте Қазақстан институты, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры.