«Бүгінгі алаң шағын және орта бизнесті қолдауға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасының басымды секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға арналады. Одан басқа, Еуразиялық бизнес-форум Қазақстандағы бизнестің дамуына жаңа серпін береді және бизнесті дамыту жолында Қазақстан басқа елдерге үлгі болады деген үміттемін. Өйткені кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі сол елдің шағын және орта бизнесінің даму деңгейіне тікелей байланысты», - деді өз сөзінде Еуразиялық бизнес-форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қуаныш Дәуітов.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық бизнес-форум тұңғыш рет өткізіліп отыр. Ол 21-23 мамыр аралығында елордада өтетін Астана экономикалық форумы аясында жалғасын табады.