Бүгін Амстердам-Куала-Лумпур бағытындағы № МН17 рейсі соңғы сапарын жасады

Бұған дейін хабарланғандай, енді бұл рейс нөмірі МН19-ға аусытырылды.

«МН17 рейсі тарихта қайғылы оқиғамен аяқталды. Бұл 17 шілдеде қаза тапқан 298 адамды еске салу үшін жасалып отыр», - делінген компания мәлімдемесінде.

БАҚ-тағы сарапшылардың пікірінше, екі бірдей ұшақ оқиғасынан кейін малайзиялық әуекомпаниясыны өте қиын кезеңді басынан кешіріп отыр және оның болашағы күманды.

Ал керісінше, әуекомпания басшылығын отандастары қолдап, жабылмауға шақырған.