Бүгін Ақордада президент әкімшілігінің басшысы мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының кездесуі болып өтті

К.Штрохальдың біздің елімізге сапарының негізгі мақсаты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасында өткен парламенттік сайлауды бақылауы жөнінде қорытынды есеп беру және одан арғы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болып табылады.

Кездесу кезінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры мәлімдегендей, аталған құжатта әділ әрі ашық сайлау өткізуде Қазақстан қол жеткізген айрықша ілгерулер аталып көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті