Бүгін ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күні


Еңбек жолын ол «Балдырған» балалар журналынан бастады. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» балалар журналында жарияланып, 1959 жылы «Көктем» деп аталатын тұңғыш жинағы жарық көреді. Шығармалары ағылшын, болгар, мажар, неміс, орыс, поляк, француз, фин және басқа да шет тілдеріне аударылды. 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1993 жылы Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын иегері, 1995 жылы Қазақстанның халық жазушысы атанды. Сондай-ақ Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты драмасы үшін 1997 жылы Махамбет атындағы сыйлықты, ал 2001 жылы қазақ меценаттары клубы тағайындаған Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.