Бүгін - Астана күні

Бүгін, 6 шілдеде Қазақстан астанасына 23 жыл толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мереке Қазақстан астанасы мәртебесін алған сәттен бастап, 1998 жылдан бері атап өтіледі.

1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өргертілді, ал 2019 жылы 20 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдағаннан кейін өзінің ұлықтау рәсімінде Астананы Нұр-Сұлтан деп қайта атауды ұсынды.

Сонымен қатар, бұл күн биыл 81 жасқа толған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.


Қазақстан Президентінің телерадиокешені мерекеге орай 1998 жылғы астананың архив кадрларымен бейнеролик дайындады.

Loading...