Бүгін Астанада көлік қозғалысы шектеледі

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады. 

4 мамыр күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін әскери шеруге дайындық кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мына көшелерде көлік қозғалысы шектеледі:

- 40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

- Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б.Момышұлы даңғылына дейін

- Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

- Ш.Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

- Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;


- Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

- Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

- Б.Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

Көлік жүргізушілерін кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдауды сұраймыз.