Бүгін Астанада жастар арасында өнер, әзіл сайыстары өтеді


Осы арқылы қоғамның негізгі қозғаушы күші, мемлекеттің дамуы, елдің болашағы өз қолдарында екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру, студент-жастар арасындағы бірлікті нығайту арқылы тіл мәртебесін арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру көзделеді. 

Іс-шараның басты мақсаты - елордада мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Астана күні қарсаңында жастарға, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Аталған акция барысында командалар ішінен іріктелген жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінен құрылған топтар арасында қызықты әзіл, өнер сайыстары өтеді. Белгілі эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Дос, Күлайым Қайырбаева, Сон Паскаль, «Арт-домбыра» аспаптық триосы, шоу-балет «Viva» өнер көрсетеді. Сондай-ақ көпшілік қауым үшін ұлттық ойын - «Асық ату» сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары А. Смайыл, О. Асанғазы, Б. Смағұл, Н. Сабилянов т.б., қалалық мекеме басшылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, жастар, сондай-ақ акцияға қала тұрғындары мен қонақтары шақырылған.

17.30-да «Асық ату» сайысы, 19.00-де мерекелік думанды кеш басталады.