Бүгін «Астана»-«Галатасарай» матчы өтеді

Күллі футбол жанкүйерлері «Астана» мен түркиялық «Галатасарай» арасындағы ойынды тамашалай алады. Белгілі болғандай, «Галатасарай» командасының футболисті Бурак Йылмаз 19 қыркүйекте алған жарақатына байланысты ойын алаңына шыға алмайды. Естеріңізге сала кетейік, «Астана»-«Галатасарай» матчы 30 қыркүйекте сағат 22:00-де өтеді. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеді.