Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман болады, желдің екпіні — 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында төменнен боран соғады.
Қостанай, Ақмола облыстарында тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде Қостанай облысында — төменнен соққан боран, көктайғақ.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел — 15-20 м/с, түнде кейбір аудандарда тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні — 15-20 м/с.