Бүгін ауа райы қандай болады?

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі.

              Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын күтіледі, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-23 м/с күшейюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі

                 Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде үсік 1-3 градус күтіледі.