Бүгін ауа райы қандай болмақ?

Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші уақытта 30 м/с артуы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 23-28 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.


Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.