Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы синоптиктер болжамына сілтем жасап хабарлайды.
«Қара теңіз аудандарындағы белсенді циклон елдегі ауа райына ықпал етеді – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», – деп жазды синоптиктер.