Бүгін «Бергей Рысқалиев ісі» бойынша сот үкімі жария етіледі - Атырау

Атырау облысының бұрынғы әкімімен бірге мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамалған облыстың бұрынғы лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлеріне қатысты сот үкімін жария ету бүгін сағат таңертеңгі 9-да Атырау облысы бойынша, қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында өтеді. Заң талаптары бойынша, сот залына сотталушылардың жақындары мен жапа шеккендер кіргізіледі. Залдың сыйымдылығы - 50 адам. Бөлме барлық керек ақпараттық құрлығылармен қамтылған», - деді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, экс-әкім Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша, 22 шенеунік пен кәсіпкер заң алдында жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ, 9 адамға халықаралық іздеу жарияланды. Олар млрд-таған қаржыны жымқырды деп айыпталды.

Прокуратура айыпталушыларға 8 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Ең көп мерзім - 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Болат Дәукеновке қатысты сұраған. Сондай-ақ, тағы бір облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Асқар Әбдіровке 15 жыл сұралса, бұрынғы қала әкімі Асқар Керімовке және облыстың құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Бауыржан Жайсаңовке 14 жылдан, қалған айыпталушыларға 8 бен 10 жылдан бас бостандығынан айырут жазасын тағайындау сұралған.

Айта кетейік, сот үкімі бұған дейін 2014 жылдың 10 қараша күні жариялануы керек болған. Алайда, 777 томнан тұратын ауқымды құжаттарды судья тағы бір мәрте сараптап шығуы үшін сот үкімін жария етуді кейінге шегерткен.