"Бүгін біраз Ресей әскері ажал құшады. Баудай түседі": Саясаттанушы оның себебін де түсіндірді

Тіпті неге екенін де түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы., 

"Бүгін біраз Ресей әскері ажал құшады. Баудай түседі. Неге? Себебі бүгін Путиннің туған күні. 70 жасқа толды. Бүгін “өлсең өліп қал, бірақ позицияны беруге болмайды” дейді Ресей қолбасшылары. Советтік-ресейлік әскери ойлау жүйесіне салсақ ол солай болады. Тіпті бүгін Ресей Украина аумағын зымыранмен төпештеуі мүмкін.

1994 жылы, 11 желтоқсанда "Бірінші шешен соғысы" басталды. Сарбаздарға Грозныйды 1 қаңтарға дейін алуға бұйрық берілді. Себебі 1 қаңтар РФ қорғаныс министрі Павел Грачевтің туған күні болатын. Сондықтан қолбасшының туған күніне Грозныйды сыйға тартуға бейресми бұйрық берілген. Алайда Грачевке сыйлыққа Грозный емес, табыттар келіп жатты.

Ал қазіргі туған күн қорғаныс министрі емес, Путиндікі! Оның үстіне 70 жастық мерейтой. Сондықтан позицияны бермеумен бірге, қарсы шабуылдар да болуы ықтимал. Сөйтіп бүгін біраз Ресей сарбазы оққа ұшатын сияқты",- деп жазды
Асхат Қасенғали
желідегі парақшасында. 

Владимир Путин 1952 жылы 7 қазан күні Ленинград қаласында дүниеге келген.