Мәскеу уақыты бойынша сағат 20:00-де Сан-Паулудағы «Арене Коринтианс» стадионында Аргетина мен Швейцария құрамаларының арасындағы 1/58 финал матчы басталады. Кездесуге швециялық Юнас Эрикссон төрелік етеді.
Түнгі сағат 02:00-де Бельгия мен АҚШ құрамалары кездеседі. Салвадордағы «Фонте-Нова» алаңында өтетін ойынға алжирлік Джамель Хаймуди төрелік етуі тиіс.
Қос матч жеңімпаздары ширек финалда бір-бірімен кездеседі.
Бұған дейін Бразилия, Колумбия, Голландия, Коста-Рика, Франция мен Германия құрамалары ширек финалға жолдама алған болатын.