Бүгін Душанбе қаласында "Орталық Азиядағы парламенттік газет" атты жобаның тұсаукесері өтеді

Жобаның кеңсесінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, күнделікті мемлекеттік басылымға жататын "Парламенттік газет"-тің құрылтайшысы - Ресей Федерациясы Федералдық Жиыны мен Мемлекеттік Дума болып табылады. 1998-жылдың мамырынан бері жарық көріп келе жатқан бұл газет Ресейдің барлық аймақтары мен әлемнің 67 еліне тарайды.

"Орталық Азиядағы парламенттік газет" жобасының басты мақсаты - Ресей Федерациясы Федералдық Жиынының іс-қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және Ресей мен аймақ елдері арасындағы парламенттік қарым-қатынас туралы ақпарат таратуға саяды. ТМД-ға қатысушы Орталық Азиялық республикалардың ішкі-сыртқы саясатына, осы ел парламенттерінің іс-қызметіне, Орталық Азиядағы мәдениет, ғылым және білімді дамыту проблемаларына, сондай-ақ, осы елдердегі қандастар өміріне қатысты өзекті тақырыптарды жедел жария етуге басымдық беріледі.
"Парламенттік газет"-тің бас редакторы- Леонид Кравченко. Газеттің тілшілер қосыны Бішкекте орын тепкен. Орталық Азия елдері бойынша меншікті тілшілік жұмысын А.Князев атқарады.