Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

РМК 9 шілде күнгі еліміздегі қалалардың метеорологиялық ахуалы туралы айтты.


Бейсенбіде ауа сапасының нашарлауы Шымкент және Теміртау (Қарағанды облысы) қалаларында күтіледі. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.