Бүгін Екібастұздағы мектептер офлайн форматқа көшіп, балабақшалар ашылады

Сонымен қатар, қашықтан оқып келген оқушылар да мектепке оралады.

Бұл туралы Екібастұз әкімі Аян Бейсекин Instagram желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.


"19 желтоқсаннан бастап мектептер офлайн форматқа көшіп, барлық балабақшалар ашылады. Барлық дерлік мектепті аралап шықтым, ғимарат ішіндегі температура 18-23 градус шегінде", - деді әкім.