Бүгін ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.