Бүгін елде ауа райы бұзылайын деп тұр

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен найзағай болады. Жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан,  күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман болады. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болып, Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман  күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, тұнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.

Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 


Астана қ: көшпелі бұлтты,  кей кездерде  жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның  температурасы түнде +8+10°С, күндіз +14+16°С болады.                                                                                                                                                  
Алматы қ: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай болады. Желдің күші 2-7 м/с, найзағай кезінде екпіні 12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады.