Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік пен орталықта кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, Оңтүстік Қазақстанда — тұман. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.